"Білім беру ұйымының қауіпсіздігіне мектеп директоры тікелей жауапты" - Ғ.Сарғұлов

Білім беру ұйымының қауіпсіздігіне мектеп директоры тікелей жауапты. Атырау облысында сыныптастарына балта алып жүгірген оқушының оқиғасына қатысты ішкі істер министрлігінің өкілі осылай дейді. Аталған оқиға бойынша  қылмыстық іс қозғалған. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов оқу ордаларына қауіпті заттарды кіргізбеудің тиісті ұсынымдары берілгенін айтты. Сөзіне сенсек, мектептердің жүз пайызы бейнебақылау камераларымен және дабыл түймелерімен жабдықталған. Бұл жүйелердің жұмыс істеу сапасы тұрақты түрде тексеріледі.

ҒАЛЫМ САРҒҰЛОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізгі жауапкершілік мектеп директорларына жүктеледі. Қандай күзет ұйымын таңдайтыны, келісімшартты қалай жасайтыны, келісімде қандай талаптар мен нормалар көрсетілетіні, қауіпсіздік шаралары қалай жүзеге асырылатыны – мұның барлығы білім беру ұйымы басшыларының құзыретінде.