Жалпыұлттық коалиция мүшелері Жамбыл жұртымен кездесті

Мәжіліс Төрағасы бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясы Жамбыл облысына  барып, жұртшылықпен жүздесті.  «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен басқосуға   500-ден астам адам қатысты. Жиналғандар  жаңа Конституция жобасының ел тағдыры үшін маңызды екенін және оның ұлттық мүддеге сай жасалғанын айтты. Ерлан Қошанов жаңа Конституция жобасы әр азаматтың сұрақтарына жауап беруге бағытталғанын және оның басты қағидасы - «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» екенін жеткізді.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ:

Референдум ұлтымыздың бірлігін, тұтастығын айшықтайды. Бұл Президенттің халқына арқа сүйейтінін, ал халық Президентке сенетінін көрсетеді. Ел дамуында референдум шешуші рөл атқарған мұндай мысалдар әлемде де жеткілікті. Мәселен, XIX ғасырдағы Швейцариядағы Конституция жөніндегі референдум, Франциядағы Бесінші республика құру бойынша өткен референдум дүние жүзі тарихында қалды. Алдағы біздің референдум да ел тарихында алтын әріппен жазылатын тарихи оқиғаға айналады деп санаймын. Сондықтан таңдау да, соңғы шешім де өздеріңізде.