Мәжіліс депутаттары жаңа Конституция жобасын жұртшылыққа таныстыруда

Мәжіліс депутаттары Алматы облысындағы "Қапшағай бидай өнімдері" кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесіп,  жаңа Конституция жобасын талқылады.

Кездесу барысында жаңа Ата Заңдағы адам құқықтарын қорғауға бағытталған жаңашыл нормалар түсіндірілді.Мәжіліс депутаттары халықпен ашық пікір алмасты.  Коалиция мүшелері цифрлық құқықтарды қорғау және жеке өмірге қол сұғылмау кепілдігі сияқты маңызды өзгерістерді түсіндірді. Депутаттар референдумға дейін облыс аумағындағы басқа да аудандарға барып, азаматтарды жаңа Конституция жобасымен таныстыру жұмыстарын жалғастырмақ.

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КОАЛИЦИЯ МҮШЕСІ:

Парламенттегі 5-6 фракцияның мүшелері өңірлердегі саяси партиялардың да азаматтары келіп, осы референдумға қатысты жиындарда өздерінің нақты ұсыныстарын ел халқымен бірге талқылауда. Сондықтан 15-ші наурыз күні жалпы республикалық референдумда мен ойлайм халық өзінің дұрыс таңдауын жасайды деп.

НҰРГҮЛ ТАУ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КОАЛИЦИЯ МҮШЕСІ:

Ата заң -ол тұғыр. Тұғырдан кейін басқа заңдар шығып, сол ата заңда көрсетілген тұғырдың негізінде басқа жаңашылдық орындалу керек. Енді сол үшін ата заңға ол кіргізіліп отыр. Технология дамыған ол заңда жоқ болса оны қорғаудың өзі, оны іске асырудың өзі үлкен кедергі келтіреді.