Үш облыста республикалық жол жабылды

Фото: ҚазАвтоЖол

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ деректеріне сәйкес, қолайсыз ауа райына байланысты еліміздегі республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Ақмола облысы:

Қостанай облысының шекарасы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;

Көкшетау қаласы – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;

Көкшетау қаласы – Атбасар қаласы;

Щучинск қаласы – Зеренді ауылы;

Щучинск қаласы – Көкшетау қаласы;

Қостанай облысының шекарасы – Сұрған ауылы;

Ақсай ауылы – Бұзылық ауылы.

Қостанай облысы:

Ұзынкөл кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;

Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы;

Сарыкөл кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы;

Әулиекөл ауылы – Ақмола облысының шекарасы.

Солтүстік Қазақстан облысы:

Ақмола облысының шекарасы – Ресей Федерациясының шекарасы;

Ақмола облысының шекарасы – Рузаевка ауылы;

Ақмола облысының шекарасы – Новоишимское ауылы;

Рузаевка ауылы – Қостанай облысының шекарасы;

Петропавл қаласы – Мамлютка қаласы.

Мәліметке сәйкес, аталған жол учаскелерін 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын және жолдардың ашық-жабықтығы туралы ақпаратты нақтылап алу ұсынылады.