Қай өңірде құрылыс қарқыны артты?

Фото: freepik.com

Құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы тұрғын үйлер (2,2 есе) имараттар (57,8%) салу және жөндеу жұмыстарының өсуімен байланысты.

Орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша негізгі үлес автомобиль, темір жол және метро (30,1% барлық көлемнен), тұрғын емес ғимараттар (19,2%) және тұрғын ғимараттар (11,4%) құрылысы жұмыстарына тиесілі.

— Өңірлік бөліністе құрылыс жұмыстарының көлемінің ұлғаюы республиканың 18 өңірінде байқалды. Айтарлықтай өсім Қарағанды (39,4%), Түркістан (36,7%), Солтүстік Қазақстан (35,1%), Ақтөбе (23,4%), Жетісу (21,4%), Батыс Қазақстан (19,1%) және Қызылорда облыстарында (11,3%), сондай-ақ Астана (30,8%) және Алматы (18,3%) қалаларында тіркелді, — делінген хабарламада.

Елде 2026 жылғы қаңтарда пайдалануға берілген жаңа объектілердің жалпы алаңы 1291,8 мың шаршы метр.

Оның ішінде қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы бір жылда 42,4% көбейіп, 1 091 мың шаршы метр, ондағы 727,6 мың шаршы метр — көп пәтерлі және 359,8 мың шаршы метр жеке үйлер бойынша.

Білім беру және денсаулық сақтау саласында 1080 оқушыға арналған 3 жалпы білім беретін мектеп және 332 орынға арналған мектепке дейінгі 2 ұйым берілген.