Елде доллар құны арзандады

Фото: freepik

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 489,99 теңгені құрап, 1,91 теңгеге арзандады.

ҚР Ұлттық банкінің 17 ақпандағы ресми доллар бағамы – 491,97 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 491,43 теңге, сату бағамы – 493,75 теңге. Астанада долларды орта есеппен 488 теңгеден сатып алып, 495 теңгеден сатуда. Шымкент қаласында долларды орташа есеппен 491,52 теңгеден сатып алып, 492,75 теңгеден сатуда.