Таразда 13 жастағы қызды ұрламақ болғандар ұсталды

фото: gov.kz

Тараз қаласында мектеп оқушысын автобус аялдамасында ұрлап әкетпек болғандар ұсталды.  

Әлеуметтік желіде тараған видеода көліктен шыққан екі ер адам 13 жасар қызды ұстап, оны ішке кіргізуге тырысқаны көрінеді. Осы сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам көмекке келеді.  

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер дереу қолға түсті. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.