ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аппараты мен Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаменті тергеу жүргізіп жатыр.
Оқиғаға кеше болды. Ақтөбе облыстық прокуратурасы қызметкердің ұсталғанын растады.
-ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық аппараты мен Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды, - деп хабарлады прокуратура.