Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінде қызылшаның 482 жағдайы тіркелген. Оның 451-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандар инфекцияның таралу қаупі әлі де жоғары екенін айтып, мектептер мен балабақшаларда медициналық бақылау күшейтілгенін жеткізді.
Дәрігерлер әсіресе 4 жасқа дейінгі балалар арасында қауіп жоғары екенін ескертіп, екпені уақытында алу маңызды екенін атап өтті. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі – екпе алмаған бүлдіршіндер.