Алтын-Емел ұлттық паркінде тас сусарлары фототұзаққа түсіп қалды

Фото: видеодан алынған скрин

Тас сусар - епті, түнгі белсенді жыртқыш. Жартасты, таулы аймақтарды мекендейді. Ол экожүйенің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

Кадрлар бұл жердің тас сусарлар үшін маңызды тіршілік орны екенін көрсетеді. Фототұзақ деректері жануарлардың қозғалыс жолдарын, мекен ету аумағын, ғылыми мониторингті жүргізу мен қорғау шараларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.