Ақтөбеде прокурор ұсталды. Оған 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. Күдіктіні Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері мен Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жұмыс орнының алдында қолға түсірген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.