Түркістан тұрғыны әйелін скотчпен байлап, психиатриялық орталыққа мәжбүрлеп жатқызған. Оған бұл істе екі досы көмектесіпті. Бұл жағдай 2024 жылдың наурызында болған. Түркістан облыстық сотының мәліметінше, ер адам үйінде тапаншаның оқ дәрісін жасырып қойған. Оны отбасылық жанжал кезінде әйелі полиция шақырып, оқ дәрілерді көрсеткен. Соған ашуланған ер адам Шымкенттегі жүйке ауруларын емдейтін орталықтың дәрігерлерімен алдын ала сөз байласып, жұбайын күштеп жатқызыпты. Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, 9 жылға соттады. Ал оған жәрдем көрсеткен екі танысына 8 жылдан жаза кесті. Сондай-ақ, жәбірленушіге үшеуі моральдық зиян ретінде 11 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.
САНЖАР ҚОЙШЫМАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Үш сотталушы жәбірленушіні 2024-ші жылы 9-шы наурызда өз үйінен осы Түркістан қаласынан аяқ қолын орап, автокөліктің артқы орындығына жатқызып, Шымкент қаласында орналасқан психиятриялық денсаулық орталығына апарып, заңсыз жатқызған. Сотталушылардың кінәлары сотта жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, дәрігерлердің айғақтарымен өз дәлелін тауып отыр.