Оралдық экобелсенділер мұнай қалдықтарын жою жұмыстарына наразы. Олардың айтуынша, 2 гектар аумақтағы зиянды қалдықты залалсыздандыру үшін мердігер мекеме 20 гектар жердің топырағын бүлдіріп жатыр. Мұнай құбырынан төгілген қалдықтар көмілетін жер Ақжайық ауданының аумағынан берілген. 2 гектар жердегі қалдықты тазартуға тендер жарияланып, 1 миллиард теңге бөлінген. Бірақ белсенділер жергілікті халықтың пікірі ескерілмегенін, қоғамдық тыңдау мүлдем өткізілмегенін айтады. Әрі қалдықты жою технологиясы сақталмағанын анықтапты. Ал мұның қоршаған ортаға тигізер залалы орасан. Сондықтан бұл істі құзырлы органдар ескерусіз қалдырмауы керек дейді.
ДӘУРЕНБЕК САХЫМ, ЭКОБЕЛСЕНДІ:
Зияны: біріншіден - араластырып жатыр топырақты, екіншіден - төмен қарай сіңіп жатыр, үшіншіден - ауаны ластап жатыр, испарение дейміз ғой. Ертең күн қыздырғанда мұнайды білесіз, мұнайды құрттай қыздырса, мұнайдың парафині бар, бензині бар, соляркасы бар, шыға береді, бөліне береді ғой. 95 солярка испаряться етеді, оның испарениесі бар. Оны ешкім ескеріп жатқан жоқ қазіргі таңда.
Ал экология департаментінің өкілдері жағдай бақылауда деп сендірді. Барлық құжаттар талапқа сай, енді ғана басталған жұмысты бақылап, заңсыздыққа жол бермейміз дейді.
МҰРАТ ЕРМЕКҚАЛИЕВ, БҚО БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда біздер ешқандай қауіп көріп отырған жоқпыз. Проектісі бар, экологиялық құжат, қағаздарын алды. Енді жұмыс жасап кеткеннен кейін көреміз. Мониторинг арқылы замерлер жасаймыз. Көреміз сонда. Анандай шекті концентрациядан асып кетсе, онда шара қолданамыз.