"Қоршаған ортаға зиян келтірмей көмір энергетикасын дамытудың бірнеше жолы бар",-депутат

Қоршаған ортаға зиян келтірмей көмір энергетикасын дамытудың сан түрлі жолы бар. Солтүстік Қазақстандық белсенділер президенттің құрылтайда айтқан тапсырмасына сәйкес осылай дейді.  Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар. Бұл бізге шамамен 300 жылға жетеді деді Мемлекет басшысы. Сондықтан бұл ресурсты қоршаған ортаға зиян келтірмей кәдеге жаратқан жөн. Бүгінде елімізде мыңдаған тұрғын  үйін қатты отынмен жылытады. Сондықтан егер әр баспанаға түтінді тазартатын сүзгі орнатса, экологияға залал біршама азаяр еді, деп санайды депутат Ербахыт Амантай. Сондай-ақ, ол мұндай бағалы ресурстан көптеген химиялық элементтерді алуға болатынын  айтады.

ЕРБАХЫТ АМАНТАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әлемнің дамыған елдеріне көз жүгіртетін болсақ, оларда көмірдің құрамында көптеген химиялық элементтер бар. Соларды түрлі бұйымдар жасауға, түрлі элементерді солардың құрамынан алып шығып, оны өндірістің басқа салаларында да пайдалануға болады екен. Мемлекет басшысының көмір энергетикасын дамыту туралы тапсырмасы ол тек көмірді тэцтарда жағу немесе экологияға зиянын азайту ғана емес, осы тұрғыны да меңзеп жатыр деп ойлаймын.