ТЖМ қызметкерлері егде адамды құтқарды

фото: ТЖМ

Бүгін Ақмола облысы Атбасар қаласында құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. 1940 ж.т. ер адам өз пәтерінде құлап, өздігінен тұрып, есікті аша алмаған.

ТЖМ қызметкерлері үш иінді сатының көмегімен пәтерге балкон арқылы кірді. Еденде үйдің иесі табылды, ол денсаулығының нашарлауына байланысты есікті өздігінен аша алмаған.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.