Оңтүстікте расымен көктем лебі сезіледі. Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр. Бірақ, солтүстікте күн әзір жылына қоймайды. Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде аяз күшейіп, желдің екпіні артады, боран соғуы мүмкін. Сонан кейін ғана ауа райы біртіндеп тұрақталады.