«Жолаушылар тасымалы» АҚ 19 ақпаннан бастап №6946/6945 Шу – Отар қала маңы бағыты бойынша электрпойызын іске қосады. Пойыздың жалпы сыйымдылығы 300-ден астам жолаушыны құрайды.
Электрпойыз күн сайын қатынайды:
• Шу станциясынан жөнелту — 15:30, Отар станциясына келу — 19:00.
• Отар станциясынан жөнелту — 06:40, Шу станциясына келу — 10:03.