Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 21 және 22 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер мен жаңа піскен тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Іс-шара 21 және 22 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.