Павлодарлық оқушылар мен студенттер онлайн оқиды

Фото: pixabay

Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратынша, өңірдегі қолайсыз ауа райы мен көктайғақ себебінен осындай шешім қабылданған.

— Ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты 2026 жылғы 19 ақпанда Павлодар облысында І ауысымдағы 1–11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1–2 курс студенттері (9 сынып база негізінде) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.