Атырауда мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары күшейтілді

фото: pixabay

Ауа райының күрт жылынуына байланысты су айдындарындағы мұз қабаты жұқарып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осыған орай Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік басқармасы және балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға мұз үстінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, белгіленбеген және қауіпті аумақтарға шықпау, сондай-ақ заңсыз балық аулауға жол бермеу қажеттілігі айтылды.

Полиция тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға, тыйым салынған жерлерден өтпеуге, балаларды қараусыз қалдырмауға және төтенше жағдай туындаған кезде "102" нөміріне хабарласуға шақырады.