Ал Атырау облысында 10-сынып оқушы өзіне-өзі қол салды. Жасөспірімнің денесін үйінің сарайынан тапқан. 16-дағы қыз бала Доссор кентіндегі Бержан Қанатбаев атындағы орта мектепте білім алған. Сабағы жақсы, түрлі шаралардан қалмайтын белсенді оқушының мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз. Полиция тергеу бастады. Айта кетейік, былтыр облыста 20 адам суицид жасаған. Оның 8-і жасөспірім. Биыл 6 адам өз өмірін қиыпты.
ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Өзге ақпарат тергеу мүлдесіне сәйкес жариялауға жатпайды.