Алматы облысында 52 жастағы әйелді бір топ ит талады

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2026

Алматы облысы Қарасай ауданында 52 жастағы әйелді бір топ ит талап тастады

Бұл видео әлеуметтік желіде  тарады. Кейін үй жануары жәбірленушінің көршісінікі екені анықталған. Мәліметке сәйкес, 60 жастағы ер адам өз ауласында 30 шақты ит ұстаған. Зардап шеккен әйел түрлі жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.  

ЕРНАР САЙДИЛЬДИН, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық тексеру жүргізілуде.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында иттердің иесі болып табылатын 60 жастағы күдікті анықталды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.