Ал Атырауда ерекше бала тәрбиелеп отырған аналардың шағымы бар. Олар мүмкіндігі шектеулі балаларға жылына бір рет берілетін 1460 жөргекті 4-ке бөліп беру ережесіне қарсы. Айтуларынша, онсыз да кешігіп келетін гигиеналық құралды жылына 4 мәрте сарылып күту, өте тиімсіз.
Қала тұрғыны Әслима Қадымова - екі ерекше баланың анасы. Оның біреуіне жылына 1460 жөргек алады. Яғни тәулігіне 4 жөргек бөлінген. Енді енгізілгелі тұрған жаңа ереже, аналарға қосымша уайым қосады,- дейді. Өйткені бір балаға тәулігіне 8-10 жөргек пайдаланады. Жеткізуші компания әкеліп бергенше, қосымша сатып алуға мәжбүр боламыз,- дейді.
ӘСЛИМА ҚАДЫМОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біз қарсымыз бұл заңға. Бізбен ақылдаспай, ешкімге ештеңе айтпай, қандай? Оның үстіне гигиеналық қажеттілікті шектеу деген соңғы поступок деп ойлаймын. Өйткені мүгедектерді памперстіен шектеу ақылға сыймайды былай қарағанда. Біздің группада 400 ана бар барлығы почти памперс киеді. Ауданнан келетіндер де қазір келе алмай отыр. Бізге ЖСНімен жіберіп отыр. Қолдаймыз, біз үшін қол қойып жіберіңіз деп.
НАЗЕРКЕ ДОСҚАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бір үйде 2 ерекше, 3 ерекше бала бар. Олардың емімен жан-жаққа кететіндері бар. Мысалға айтсаңыз, Астана қаласындағы оңалтуының өзіне ана баласымен барып 24 күн емде жатады. Сонда ол әр тоқсанын баланың емдетуге жұмсай ма уақытын, әлде тоқсан бітейін деп жатыр мен памперс заявка беруім керек деп алаңдап жүру керек пе?
Жөргек- ерекше балалар үшін санитарлық күтімнің бір бөлшегі. Тоқсан сайын бөлініп келген кезде жөргектік маркасы да, сапасы да өзгеріп, балалардың күтіміне кері әсер етуі мүмкін,- дейді қоғамдық ұйым өкілдері де.
ГҮЛЖАН ҚҰСАЙЫНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ҚОР БАСШЫСЫ:
Логистикасы бар, доставкасы бар, кешігіп келеді. Ол келе ме, келме ме деген уайым қосымша стресс. 4 бөліп келгенде 4 түрлі жерде сапасы қандай болады, дан бізге аллергия болып қалуы мүмкін, денесіне жара шығып қала ма деген тағы да уайымымыз.
Аналар арызын жинап, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысына алып келді. Алайда атқамінер бұл мәселені шешу құзырына жатпайтынын айтып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жеткізуге уәде берді.
ПОЛЫМБЕТ ХАСАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл гигиеналық құралдарды беру ережесі министрдіктің 287 бұйырғымен бекітілген. Мен өз тарапымнан аналармен болған жиынның хаттамасын жасақтап, министрлік тарапынан бұрынғы беріліп отырған тәсілде ұсыныс бергім келіп отыр. Қазіргі таңда министрліктен осы ережені, норманы енгізу жөніне енді қаралып жатырған мәселе.
Айта кетейік, аймақта 4500 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оның 3300-іне гигиеналық құрал, яғни жөргек тиесілі.