Трамп Газа секторын қалпына келтіруге 5 млрд АҚШ долларын бөледі. Бұл қаражат Ақ үй басшысының жаңа құрған ұйымының аясында берілмек. Ал, Оңтүстік Кореяның алдыңғы Президенті Юн Сок Ель өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол өткен жылы елде әскери төңкеріліс ұйымдастыра жаздады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Бүгін Трамп Газа секторын қалпына келтіруге 5 млрд доллар бөлу туралы хабарлайды. Ол Вашингтондағы бейбітшілік институтына Дональд атындағы деген мәртебе берілді. Бірақ, Трамп тегіннен-тегін көмек бере қоймайды. ХАМАС ұйымы қаруды тастап, өздігінен берілсе ғана, бейбіт халыққа гуманитарлық көмек көрсетілмек.
КЭРОЛАЙН ЛИВИТТ, АҚ ҮЙ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Біз гуманитарлық миссия үшін және Газа секторын қалпына келтіруге 5 млрд доллар бөлеміз. Сонымен қатар, халықаралық қауіпсіздік миссиясына мың әскери жібердік. Ақшаны қалай жұмсау жөнінде әр тараптың өз пікірі болады жәіне біз оған құлақ асамыз. Дегенмен, соңғы шешімді Президент Трамп қабылдайды.
Путин Кубаға қысым көрсетуге жол бермейді. Қажет болса, әскери көмек көрсетеді. Бұл туралы Ресей Президенті «Бостандық аралынан» келген әріптесіне айтты. АҚШ өзінің оңтүстігіндегі мемлекетке санкция салған. Нәтижесінде, Кубадағы дағдарыс өрши түсті.
ВЛАДИМИР ПУТИН, РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ:
Тәуелсіздік ала сала оны сақтап қалу үшін, ішкі ісіне ешкімді араластырмау үшін Куба халқы асқан жанкештілікпен күресті. Ұлттық мүддені қорғау оңай емес. Сол күресте кейбір елдер қайтсе де, Бостандық аралын құртып жіберуге асығуда. Біз оған жол бере алмаймыз.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Израиль әрекетін қатаң сынға алды. Палестина аумағында жергілікті мұсылмандардан жерді тартып алып, оны Израиль азаматтарына беріп отырған Нетаньяху үкіметінің әрекеті дереу тоқтатылуы керек, - делінген бас халықаралық ұйымның құжаттарында. Хатшылардың бірі Роузмари Дикарло Қауіпсіздік кеңесінің отырысында баяндама жасап, халықаралық қауымдастықты назар аударуға шақырды.
РОЗМАРИ ДИКАРЛО, БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ САЯСИ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ:
Халықаралық құқық белгілеген шекараларды өз бетінше жойып, жергілікті халықтың тұрып жатқан қонысын тартып алу қазіргі жаһандық өркениетке қайшы. Бірақ, біз соның куәсі болып отырмыз. Иордан өзенінің Батыс жағалауы Бас Ассамблея шешіміне сәйкес Тәуелсіз Палестинаның құрамында қалуы керек.
Оңтүстік Кореяның алдыңғы Президенті Юн Сок Ель өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол өткен жыл басында елде жалған жаламен әскери төңкеріліс ұйымдастырмақшы болды. Артынша, оған Парламент импичмент жариялап, полиция қамауға алған еді. Елдің Жоғарғы Соты Юн Сок Ель ауыр саяси қылмыстарға барды деп айыптады.