Астанада Жаңа Конституция жобасы бойынша студент жастармен сараптамалық кездесу өтті

Астанада Жаңа Конституция жобасы және Республикалық референдум жөнінде студент жастармен сараптамалық кездесу өтті. Шараны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Тұран-Астана» университеті бірлесіп өтікізді. Басқосуда студенттерге ата заңға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат айтылды. Сондай-ақ, Jastar Al виртуалды кеңесші жобасы таныстырылды. Жоба студенттерге  мемлекеттік жастар саясаты, оның ішінде жастарды қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат береді.

ГҮЛІСХАН НАХАЕВА, "ЖАСТАР" ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ата заңымыз туралы Конституцияның басты нормалары туралы жастардың тілінде, жастарға түсінікті етіп, мынау алаңда осы нормаларды айқындап түсіндіру. Енді өздеріңізге белгілі жастар еліміздің жалпы стратегиялық ресурсы болып табылады. 30 пайызы яғни 6 млн-ға жуық жастарымыз бар елімізде. Сондықтанда әр жастың дауысы, олардың белсенділігі бізге маңызды.