Конституциялық Сот пен Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы 2026 жылға арналған ынтымақтастық бағыттарын талқылады

consot_kz

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниaмен кездесу өткізді. Кездесуге Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов қатысты.

Кездесу барысында Тұрақты өкіл БҰҰ Даму бағдарламасының 2026 жылға арналған қызметінің басым бағыттары туралы айтты. Тараптар ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, Орталық Азиядағы әйелдердің сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы өзара іс-қимылды талқылады.