Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен әртүрлі қарқындылықтағы жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей уақыттарда қалың қар түседі
Оңтүстік облыстарда жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады. Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады.
«Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы (ЕТР) аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10-22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17-25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0-8 градус аязға дейін төмендейді. 23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі болжанады. Кей жерлерде 25-37 градусқа дейін аяз күтіледі», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.