Елімізде инсульттан болатын өлім 4%-ға төмендеді

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда инсульттан болатын өлім мамандандырылған орталықтар желісін кеңейтудің және профилактиканың жаңа стандарттарын енгізудің арқасында 4%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

– Емделген пациенттердің саны 8,3%-ға, 49 мыңнан 53 мыңға дейін өсті, жүргізілген тромболиздің үлесі 11%-ға өсті, инсульттан болатын өлім 4%-ға төмендеді, - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомство алқасының отырысында. 

Ведомствоның деректері бойынша, инсульт қанайналым жүйесі (ҚАЖ) ауруларынан болатын өлімнің жалпы құрылымында 32%-ды құрайды. 

– Өңірлердегі бас штаттан тыс кардиологтар жетекшілік ететін бейінді ғылыми институттармен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып және олардан жан-жақты әдістемелік қолдау ала отырып, үйлестіру және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты күшейтуі тиіс, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.  

Министр атап өткендей, стационар мен амбулаториялық қызметтің арасындағы кадрлық теңгерімсіздікті жою қажет, онда жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды анықтау және басқару бойынша негізгі жүктеме қалыптасады. 

Қазақстанда нормативтік қажеттілікті толығымен жабатын 85 инсульт орталығы – 250 мың тұрғынға бір орталық жұмыс істейді. Цереброваскулярлық бұзылыстарды ерте анықтау үшін скрининг енгізіліп, инсульт әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне енгізілді. Инсульттан кейін пациенттерді диспансерлік есепке қою мерзімі 30-дан 15 күнге дейін қысқартылды.