Қостанай облысында әйелі мен ұлын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Қостанай облысында әйелі мен ұлын өлтірген ер адам өмір бойына сотталды. Айыпталушы әйелімен жанжалдасып қалған. Салдарынан ас үй пышағымен әйелін және 16-дағы баласын жарақаттаған. Күдікті қылмыстың ізін суытпай қолға түскен. Сотта ол кінәсін мойындады, алайда ұлын қасақана өлтірді деген нұсқамен келіспеді.  Сотта қылмыстың алдын ала жоспарланғаны айтылды: айыпталушы өзімен бірге пышақ қана емес, отбасы мүшелерін байлап қою үшін пластик байлағышты да алған, сондай-ақ, көршілер айқай-шуды естімеуі үшін терезені жауып қойған. Кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам саналы түрде әрекет етіп, өз іс-әрекетіне есеп берген. Сонымен қатар, сот мәліметінше, айыпталушы өкініш білдірмеген және сот процесі барысында жауапкершілікті өз мойнынан ысырып, жұбайының моральдық қасиеттеріне назар аударту арқылы ақталуға тырысқан.