Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбедегі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы ұжымымен кездесті. Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, құжаттың ел дамуына тигізер ықпалы айтылды. Ата Заң жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінген. Еңбек шарты болмаса да, кез келген Қазақстан азаматының құқығы қорғалу керек деп нақты көрсетілген. Бұл-құқықтық кепілдіктерді кеңейтуге бағытталған маңызды жаңалықтардың бірі, дейді заң өкілі.
ЛӘЗЗАТ АХАТОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Еңбек шарты болмаса да кез-келген ҚР ның азаматының құқығы қорғалу керек деп нақты көрсетілген. Тағы да біраз жаңа нормалар қосылған. Мысалы адвокаттардың статусы айқындалған, 86-бапта. Бұрынғы коституцияда неке дегеніміз 2 адамның одағы дейтін болсақ, бұл жерде нақты ер мен әйелдің деп ашық көрсеткен.
Жаңа Конституция жобасының тарихи маңызы мен ұлттық идеямен сабақтастығы да аталып өтілді. Жалпыұлттық коалицияның өңірлердегі кездесулері алдағы уақытта да жалғасып, құжат жобасы кеңінен халыққа түсіндірілмек.
СЕРІК АҚЫЛБАЙ, «ҚАЗАҚСТАН ЗАҢГЕРЛЕР ОДАҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚБ ТӨРАҒАСЫ, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ МҮШЕСІ:
Бұл біздің бұрынғы ата-бабаларымыздың армандаған нәрсесі, қаншама империяға қарсы қаншама біздің зиялы қауымымыз түгел жойылды 37-жылы білесіздер, солардың құрған кезіндегі «Алаш» автономиясының олардың өздерінің жасаған конституциясына ұқсас.