Қызылордалық оқушылар тіршілік нәрін үнемдеудің жолын үйреніп қана қоймай, замандастарын да игі іске бастап жүр. Бірқатар мектепте жастардың су клубтары құрылған. Олар замандастарына тіршілік нәрінің әрбір тамшысын бағалау, мақсатты пайдалану, экологиялық маңызы туралы кеңінен насихаттауда. Бұл тақырыптарда суреттер салып, үнпарақтар таратып, түрлі тың жобаларды қолға алып жатыр.
Оқушылар эко-ертегілер дайындап, балалардың тілімен тақырыпты кеңінен аша түсуде. Бұл пилоттық жоба ЮНИСЕФ-тің бастамасымен, Франзияның даму агенттігінің қолдауымен жүзеге асуда. Ол облыстағы 10 мектепті және 12 мыңнан аса оқушыны қамтиды. Басты мақсат судың статегиялық ресурс екенін балаларға кішкентайынан ұғындыру дейді ұстаздар.
ГҮЛЖАЙНА ҚУАНДЫҚОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ №2 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
3 сынып оқушыларынан бастадық біз бұл жобаларды. Балалар лас суды, таза емес суды таза суға қалай айналдыру сол бағытта өздері зерттеу жұмыстарын жасап бізге көрсетті. Осы жолда біз балалардың зерттеушілік дағдыларын бір жағынан дамытып жатсақ, бір жағынан олардың экологиялық саналарын, түсініктерін қалыптастырып жатырмыз.