Ақтөбеде қар құрсауында қалған автокөлікке құтқарушылар көмектесті

Фото: КазАвтоЖол

ТЖМ мәліметінше, бүгін түнде Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылынан 15 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Салонда үш адам болған.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, жолда қалған азаматтарға медициналық көмек қажет емес екеніне көз жеткізген. Сонан соң автокөлікті жолдың тазартылған бөлігіне сүйреп шығарған.