Жамбыл облысында болған дүлей дауыл салдарынан Тұрар Рысқұлов ауданындағы 29 нысанның шатыры бүлінді. Жел екпіні секундына 30 метрге дейін жетті.
7 елді мекендегі нысандардың шатырлары зақымданды. Оның 10-ы әлеуметтік нысан.
Сондай-ақ 19 елді мекенде электр жарығы өшіп, тағы 7 елді мекенде газ беру уақытша тоқтатылды.
Зардап шеккендер жоқ.