Акцияға 75 адам қатысып, оның 56-сы қан тапсырды. Олардың қатарында әкімшілік қызметкерлері, дәрігерлер, орта буын және техникалық персонал бар.
Басқарма төрағасы Рустем Тулеутаев: «Біздің институтта жүрек қақпақшалары ақаулары, кеуде қолқасының аневризмасы, жүректің ишемиялық ауруы және оның асқынған түрлері, инфекциялық эндокардит, жүрек ырғағының бұзылыстары, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және сирек кездесетін басқа да дерттер кезінде IV–VII санаттағы кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері орындалады. Сонымен қатар жүрек трансплантациясы, LVAD имплантациясы жасалады. Бізге еліміздің барлық өңірлерінен ауыр науқастар жеткізіледі.
Күрделі операциялар мен трансплантация кезінде донорлық қан пациенттер үшін өмірлік маңызға ие. Қан қорының жеткілікті болуы да аса маңызды.
Сондықтан клиника операциялар мен ауыр аурулар кезінде адам өмірін сақтап қалу үшін донорлық қан мен оның компоненттерін негізгі тұтынушылардың бірі.