Астана – кей уақытта қар жауады, бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с.
Алматыда таңертең тұман түседі.
Алматы облысы – таулы аймақтарында тұман болады, жолдарда көктайғақ.
Қонаев – таңертең тұман, күндіз желдің екпіні 15–20 м/с.
Жетісу облысы – шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақытта тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с, Алакөл маңында кей уақытта 23–28 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысы – қар жауады, бұрқасын болады, көктайғақ.
Көкшетау, Павлодарда – қар жауады, бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы – қар жауады, бұрқасын, күндіз солтүстігінде және шығысында қалың қар жауады. Түнде оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с.
Өскемен – қар жауады, бұрқасын, желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с.
Абай облысы – қар жауады, бұрқасын, желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с.
Қалған аймақтарда да тұман болады.