Жұмысшы жарақат алды

gov.Kz

Солтүстік Қазақстан облысының Кызылжар ауданындағы құс фабрикаларының бірінде қызмет барысында жұмысшының қолын өндірістік жабдық қысып қалды.

Дәрігерлердің бағалауынша, зардап шегушіде жарақаттық шок дамыған. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Ауыл тұрғыны шұғыл түрде көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.