Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады.
Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.