"Жаңа Конституция азаматтардың құқығын қорғауға кепілідік береді", - заңгер

Жаңа Конституция азаматтардың құқығын қорғауға кепілідік береді. Заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов осылай деп пікір білдірді. Ол Жаңа Конституцияда әрбір бапқа мемлекеттің жауапкершілігі міндеттелген деді. Бұдан басқа, азаматтардың жеке цифрлық деректерін қорғауға қатысты да бап енгізілгенін айтты. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибедегі «Миранда ережесінің» жаңа нормада көрініс табуы, азаматтардың құқықтарын қорғауда үлкен септігін тигізетінін жеткізді.

ЖАМАЛАДЕН ИБРАГИМОВ, Л.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ:

Бұл Конституция адамға бағытталған. Яғни енді мемлекетке адам емес, мемлекеттің адамға қызмет етуі. Яғни  әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын баптарда мемлекеттің жауапкершілігі тұр. Сондықтанда бұл Конституциялық реформалардың өзі түйіні де конституциялық нормалардың басты мақсат міндеті де, адам мен азаматтарды қорғап қана қоймай, олардың қорғалуына кепілдік беру.