Астанада Жалпыұлттық коалицияның қалалық филиалы мәдениет және креативті индустрия өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында Конституция жобасындағы мәдениет саласына қатысты негізгі қағидалар, жастардың шығармашылық қызметке қатысу құқығы түсіндірілді. Қатысушылар көркемөнер, музыка, театр және кино бағыттарындағы таланттарды қолдау, мәдени орталықтар мен шығармашылық студияларды дамыту мәселелерін де көтерді. Сондай-ақ мәдени мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өнерпаздардың байқаулар мен фестивальдерге қатысу мүмкіндіктерін кеңейту тетіктері сөз болды. Кездесу барысында сала өкілдері өз ұсыныстарын айтып, креативті индустрияны дамытуға қатысты пікір алмасты.
БЕКБОЛАТ АРЫСТАНБЕКОВ, "ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ" КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз нақты осы мәдениет саласындағы креативті индустрия және концерттік салалар, кітапхана желілері, музей тақырыптары бойынша және өнер, мәдениет қайраткерлерінің жалпыұлттық Конституцияда жазылған ішіндегі тақырыптарын талқылап жатырмыз. Жаңа Конституциядағы мәдени мекемелердің, оның ішінде музей жұмыстары бойынша жаңа тармақтың позициясы музейлерге жаңа бағытта дамуға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Оның ішіндще еркіндік бар және авторлық құқықтық жұмыстар бар деген сияқты.