«Экологияны сақтау заңмен бе, сана-сезіммен бе?» Кейде табиғатты қорғап, таза ұстау мақсатында түрлі айыппұлдар салынып, тәртіпке келтіруге тура келеді. Алайда, экологиялық мәдениетті қалыптастыру ішкі жауапкершілік пен тәрбиеге де байланысты. Қызылорда облысы Қазалы ауданының оқушылары осы тақырыпта пікір талас алаңында ойларын ортаған салды. Қатысушылар қоршаған ортаны ластамау, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану турасында мазмұнды ойларымен бөлісті. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
ДАРХАН САДУАҚАСОВ, Ғ.МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ №17 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
Пікір таластың негізгі мақсаты оқулардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ой санасын оқулардың соған бейімдеу және де қарап отырсаңыздар қазір экологиялық қалдықтар көп. Сол пікір талас барысында 2 командаға бөлдік. «Үздік оратор», «Үздік спикер», «Үздік команда» номинациясымен марапатталды.