Ауызашар кезінде пойыздарда жолаушыларға құрма мен су тегін беріледі

фото: КТЖ

Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты пойыздардағы вагон-ресторандар арнайы кесте бойынша қызмет көрсетеді.

Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болуы үшін сәресі уақытында сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ су мен құрма тегін беріледі.

Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.