Атырауда үшем дүниеге келді

фото: pixabay

6 ақпанда Атырау облыстық перинаталдық орталығында 29 жастағы ана үш қызды дүниеге әкелді. Бүгін анасы мен сәбилер перзентханадан шықты.

Нәрестелердің салмағы 1 921, 2 275 және 2 204 грамм. Бойы 44–45 сантиметр. Дәрігерлердің айтуынша, ана мен балалардың жағдайы жақсы.

Атырау облысында үшемдердің дүниеге келуі сирек. Мұндай жағдай соңғы рет 2024 жылы тіркелген.