Үлкен Алматы көлдеріне қарай құбыр бойымен көтеріліп бара жатқан екі қыздың бірі, жол барысында аяғын жарақаттап, өздігінен қозғала алмай қалған.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары мен ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы шықты. Мамандар зардап шегушіге жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, таудан төмен түсірді.
Тау баурайында оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасы күтіп алып, Алматы қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді.