Әлеуметтік желі арқылы 10 адамды алдап, 7,7 млн теңге иемденген

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2026

Тиімді инвестиция, арзан туристік жолдама және шетелге жұмысқа орналастырамын. Жарнамамен қызықтырып, әлеуметтік желіде 10-нан астам адамды алдап соқты. Сенімдеріне кіргені соншалық 7 млн 700 мың теңгелерін қағып алған. Ақша қолға түскен соң міндеттерінің ешқайсысын орындамаған. Жәбірленушілер алданғанын сол кезде бір-ақ білген.

Сот үкімімен әккі әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

ДИНАРА ТУКЕЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде 10 адам зардап шегіп, оларға 7 миллион 700 мың теңгеден астам сомада материалдық залал келтірілген. Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді