Алматыда екі айда 28 автобус апаты тіркелген

  • AstanaTV
  • 24 ақпан 2026

Алматыдағы барлық автобус тексеріледі. Себебі, екі айда 28 автобус апаты болып, 31 адам жарақат алған. Тексеру  автобустарға ғана емес, жолаушы тасымалдайтын барлық көлік түріне жүргізіледі. Мамандар техниканың жағдайын, құжаттардың бар-жоғын, сонымен қатар, заңсыз тасымал фактілерін анықтамақ.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бүгінгі таңда қала көшелерінде бір жарым миллионға жуық автокөлік жүреді. Жедел алдын алу шаралары кешенді түрді жүргізілуде, қазіргі таңда сол азаматтарды тасымалдаумен айналысатын, сонымен қатар қоғамдық көліктің техникалық жағдайы тексеріледі. Көлік жүргізушілерінің еңбек ету режимі тексеріледі. Көлік жүргізуге немесе адам тасымалдауға рұқсаты бар ма, жоқ па бұл факторлар да есепке алынып тексеріліп жатады.