Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмысына кірісті

Ақпараттық парақшалар, түсіндірме жұмыстары және халықпен тікелей диалог. Бүгінде еліміздің барлық өңіріндегі қоғамдық орындар осындай қызу қозғалысқа толған. Жалпыұлттық коалиция белсенділері мен еріктілер тобы референдумға қатысты кез келген сұраққа жауап беруге дайын.

Алматыда үгіт-насихат жұмыстарының қарқыны жоғары. Науқан басталғалы бір апта ішінде белсенділер сауда орталықтарынан бастап, тұрғын үй аулаларына дейін аралап шықты. Еріктілер тұрғындармен тікелей тілдесіп, референдумның маңызын айтуда. Тек бір күннің өзінде ірі сауда нысандарында 200-ге жуық азаматқа ақпараттық материалдар үлестірілген.

ДИДАРБЕК ДІЛДАБЕК, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің өзімізде ақпараттық брошюраларымыз бар және сол брошюралардың ішінде барлық осы референдумға байланысты, өзгерістерге байланысты ақпараттар көрсетілген. Негізгі мақсатымыз жастардың барлығы мына жалпыұлттық коалицияның белсенділері соның негізінде 15 наурыз өтетІн референдумға барынша азаматтарды, қаламыздың тұрғындарын қамтамасыз етуге тырысып жатқан жағдайымыз бар.

Еліміздің батысында да ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды. Оралдық белсенділер халық көп жиналатын орындарға үгіт-насихат плакаттарын іліп, Жаңа Конституцияның мазмұнын түсіндіруді қолға алды. Сонымен қатар, еріктілер әлеуметтік желілер арқылы онлайн насихатқа да ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі таңда үгіт-насихат жұмыстары тек облыс орталығында емес, шалғайдағы аудандар мен ауылдарда да белсенді жүріп жатыр.

АРХАТ ИСЛАМҒАЛИ, ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯ МҮШЕСІ:

Барша облыс тұрғындарына ең бірінші танысып шығу керек деп айтамыз. Содан кейін жаңағы Конституция мен конституцияның жаңа жобасын салыстырмалы түрде қараса, түсініп қарауға болады. Халық бұл конституциялық жобамызды өте жоғары деңгейде қабылдап жатыр. Осы жоба аясында өздерінің қолдау-пікірлерін айтып жатқан тұрғындар бар. Барлық тұрғындарды 15 наурыз күні күтеміз референдумға дауыс беруге.

Шығыс Қазақстан облысында да аймақтық штаб мүшелері масштабты жұмыстарды бастап кетті. «AMANAT» партиясының өкілдері мен еріктілер пәтерлерді аралап, тұрғындарға өз таңдауын жасаудың қаншалықты маңызды екенін жеткізуде.

АЯУЖАН ӘШІМОВА, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:

Көшелерде ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, мынандай плакаттарымызды жабыстырып, халықты 15-наурыз өтетін референдумға шақырып жатырмыз.

Белсенділері референдумға дейін еліміздің барлық өңірін толық қамтуды жоспарлап отыр.