Ақтау қаласындағы Халық Арена спорт кешенінде жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды форум өтті. Іс-шараға 4 мыңға жуық адам, қоғам өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым мүшелері, жастар мен өңір тұрғындары қатысты. Форумның хедлайнері - МузАРТ тобы. Өнер ұжымы танымал әндерін орындап, көпшілікке ерекше патриоттық көңіл-күй сыйлады. Жиында конституциялық реформалардың маңызы, қоғамдық даму мен азаматтық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
АРАЙЛЫМ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, СТУДЕНТ:
Реферундумға саналы түрде оң көзқараспен қараймын. Себебі, жаңа Конституциямызда жастарға көп мүмкіндік қарастырылған. Біз үшін, жастар үшін болашағымызды, білімді, саналы ұрпақ қалыптастыру үшін көмегін тигізеді деген ойдамын.