Шымкентте миндаль мен өрік ағаштары гүлдеп жатыр

Шымкентте миндаль мен өрік ағашы гүлдей бастады. Өңірде сирек өсетін бадам жаңғағы Абай саябағына көрік беріп тұр.  Саябақ қызметшілерінің айтуынша, миндаль ағашы ең бірінші болып гүл ашады. Өріктер де қалыспай гүлдеп жатыр. Қалада өткен аптада ауа температурасы 20 градусқа дейін көтерілді. Қазір +10-15 градус жылы.