Алматыда ер адам есірткі таратып жүрген жерінде қолға түсті

полиция департаменті

Алматы қаласында есірткі заттарын «жасырын орындарға қалдыру» тәсілімен таратумен айналысқан ер адам ұсталды.

Күдіктіні Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсірді. Күдіктінің автокөлігін тексеру кезінде синтетикалық есірткілер мен гашиш майы салынған орамдар табылып, тәркіленді.

Анықталғандай, ер адам есірткіні «жасырын орындарын» орналастырып, ол үшін электронды төлем жүйелері арқылы сыйақы алып отырған.

«Әлеуметтік желілер арқылы жасырын түрде жүзеге асырылатын есірткі қылмысы қоғамдық қауіпсіздікке зор қатер төндіреді. Біз мұндай құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде анықтап, жолын кесіп жүрміз. Заңды бұзған әрбір тұлға міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Профилактика мен бақылау – біздің жұмысымыздың негізгі бағыты. Аталған дерек бойынша күдікті ұсталып, қамауға алынды», – деп атап өтті Алматы қаласы ПД Есірткіге қарсы іс-басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Полиция өкілдері мұндай қылмыстық әрекеттерді анықтау және жолын кесу қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын мәлімдеді.