Атырауда қылмыскерлер 23 жастағы Яна Легкодимованы өлтірудің 20-дан астам жолын ойластырған. Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимов ватсап желісі арқылы жас қыздан құтылудың тәсілдерін бірнеше күн бойы талқылапты. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қос қаскөйге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кескен еді. Алайда сотталушылар да, оның туыстары мен адвокаты да алғашқы сот үкіміне келіспей аппеляцияға берді.
Сотталушылардың өкілдері аппеляциялық сатыдағы отырысқа тілшілер қатыспасын деп талап қойды. Тіпті өздерін бейнекамераға түсіруден бас тартты. Айтуларынша, алғашқы сот үкіміне журналистер мен бұқараның ықпалы көп болған. Қорғаушы тарап Яна Қайыржановтың қыр соңынан қалмай, қоқан-лоқы жасады. Ол екеуара хабарламаларға сотпен баға берілген жоқ,- деп Қайыржановты сотқа шақырып, жауап алуды, бас бостандығынан өмір бойы айыр жазасын мерзімді жазаға ауыстыруды сұрады. Ал қызымның денесінің жарты бөлігін ғана жерледім,- деп жүрегі қан жылаған Галина Легкодимованың әлі де күдігі көп.
ГАЛИНА ЛЕГКОДИМОВА, АНАСЫ:
Мен 9 айдан соң қызымның кейбір бөлігін ғана жерледім. Бұл өте қорқынышты. Қолы қайда, аяғы қайда? Мен мұндайды жауыма да тілемеймін. Қызымның денесі осынша уақыт суда болды дегенге үлкен күмәнім бар. Өйткені көп сарапшылармен сөйлескен кезде, олар адам денесі суда болған кезде тек қаңқасы қалуы мүмкін емес дейді, бұлшық еті, шашы болса да қалуы керек. Бұл қылмыскерлерді полицейлер 3 күннен соң ғана қамады. Менің ойымша, олар үш күнде денені судан алып, басқа жерге жасыруы да мүмкін.
Тараптарды тыңдаған сот алқасы бір сағат кеңесу бөлмесінде болып, сотталғандардың аппеляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ. Сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Алғашқы сатыда зерделенген дәлелдемелерге толық талдау жүргізілген,- деді.
ТӘТТІ УӘЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Сотталғандардың қылмыстың тапсырыспен жасалғаны туралы дәлелдер жоқ деген уәжі сотта зерттелген хат алмасулармен жоққа шығарылады. Және сотталғандар арасында 500 мың ақшаға кісі өлтіру туралы әңгіме болғанын көрсетеді. Қорғау тарапы мен сотталғандардың жаза шамадан тыс қатаң тағайындалды деген уәждері де негізсіз деп танылды.Кісі өлтірудің 20-дан астам тәсілін ойластырғаны көрінеді. Кісі өлтіруге нақты негіз, айқын себеп болмағаны байқалады.Қорқынышты оқиғаны мейрамханада сыра үстінде талқылауы қылмыстың салқынқанды, қатыгездікпен жасалғанын көрсетеді.Сондықтан сот алқасы жазаны да өзгеріссіз қалдырды.
Айта кетейік, 23 жастағы Яна Легкодимова 2024 жылдың қазанында із-түссіз жоғалып кетеді. Оның денесі 9 айдан соң ғана табылды. Істің ашылуына бойжеткеннің күнделігіндегі жазбалар түрткі болған. Жігітінің өзге қызбен байланысын біліп, өзара жанжал туындаған. Ризуан Қайыржанов көмекке досын шақырып, қыздан құтылу үшін ақша төлейтінін айтады. Олар қызды өлтіріп, денесін Жайық өзеніне лақтырған. Ал арадағы жазбаны өшіру үшін мәйіттің көзін ашып, бетін сканерлеген.